КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры и развития языков акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Құттықтау / Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтау!

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтау!

Құрметті отандастар!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл — біздің халқымыздың ерлікке толы тарихындағы ең ұлы, ең қастерлі мерекелердің бірі. Қанқұйлы соғыста жауды жеңіп, туған жерді қорғап қалған батыр аталарымыз бен әкелеріміздің есімі мен ерлігі ел жадында мәңгі сақталады.

Жеңіске жету жолында тылда жан аямай еңбек еткен мыңдаған отандастарымыздың қажырлы еңбегі де — ұлт жадындағы ұлы аманат. Біз майдан мен тылда аянбай тер төккен сол буын өкілдерінің алдында мәңгілік қарыздармыз.

Олардың қажыр-қайраты, табандылығы мен отансүйгіштігі — бүгінгі ұрпаққа үлгі, болашаққа бағдар.

Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, ашық аспан, амандық пен бейбіт өмір тілеймін! Елімізде әрдайым тыныштық пен татулық салтанат құрсын!

Құрметпен, Сағындық Түктібаев,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының директоры