Тараздың төрі сазға бөленді
2025 жылдың 25 сәуір күні Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Алматы облысы мен Жамбыл облысы әкімдіктерінің қолдауымен Қазақстанның халық әртісі, ұлы композитор, күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті.
Концерт барысында «Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы» МКҚК құрамындағы «Ақжауын» камералық оркестрі мен «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі көрерменге жоғары деңгейде көрсетті.
Шараға Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, күйші-композитор Секен Тұрысбек, Республикалық конкурстардың жүлдегері Айғаным Шұғай, Мәдениет саласының үздігі Бибігүл Қилымхан сынды танымал өнер майталмандары қатысты. Өнер ұжымы жамбылдықтардың зор ықыласқа бөленді.
Кеш барысында әртістерге арнайы сый-кәделер тарту етілді. Сонымен қатар, БАҚ өкілдері концертке қатысушы өнерпаздардан сұхбат алып, шығармашылық еңбектерін кеңінен насихаттауға атсалысты.
Айтулы күні Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы мен Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы арасында шығармашылық-гастрольдік ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл келісім екі өңірдің мәдени байланысын нығайтып, өнер саласындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.