КГКП "Жамбылская областная филармония имени Кенена Азербаева" управления культуры и развития языков акимата Жамбылской области

Адрес

г. Тараз, ул. Толе би, 89

Контактный Телефон

+7 (7262) 34-29-59

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

Главная / Медиа / Новости / Ұлы Жеңіске 80 жыл: «Жеңіс» саябағында мерекелік концерт өтті

Ұлы Жеңіске 80 жыл: «Жеңіс» саябағында мерекелік концерт өтті

Тараз қаласындағы «Жеңіс» саябағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы мен қала өнерпаздарының мерекелік көнцерті ұйымдастырылды.

Ашық аспан астында өткен мерекелік кеш Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры әртістерінің «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 80 жыл» атты әсерлі театрландырылған қойылымымен ашылды. Сахналық көрініс арқылы соғыс жылдарындағы халықтың қайсарлығы мен жауынгерлердің ерлігі көркем тілмен шебер жеткізілді.

Кештің көркін Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары кіргізді. Олар отты жылдардың ауыр естелігін оралтып, жүректі тербер патриоттық әндерді үлкен тебіреніспен орындады. Әрбір туынды көрерменнің жүрегіне жол тауып, елге деген сүйіспеншілік пен ерлік рухын оятты.

Бұл кеш – жай ғана мерекелік шара емес, ел тарихына деген тағзым, ұрпақ санасына отансүйгіштік рухын сіңіретін тағылымды тәрбие сағаты болды. Мұндай мазмұнды іс-шаралар өскелең ұрпақтың елжандылық сезімін арттырып, Ұлы Жеңістің тарихи маңызын терең ұғынуына ықпал етеді.