Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Филармония

Филармония туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» КМҚК тарихы

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 25 қарашадағы №777 қаулысының негізінде және Жамбыл облыстық еңбекшілер депутаттары кеңесі атқару комитетінің 1968 жылғы 30 қаңтардағы шешімімен Жамбыл қаласында Жамбыл облыстық филармониясы құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы №1335 қаулысына сәйкес, Жамбыл облыстық Әділет басқармасының 1999 жылғы 15 қаңтардағы №6577 бұйрығымен мекеме «Жамбыл облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта тіркеуден өткізілді.

2018 жылғы 21 қыркүйектегі Жамбыл облысы әкімдігінің №179 қаулысына сәйкес, 50 жылдық тарихы бар Жамбыл облыстық филармониясына қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар және Композиторлар одақтарының мүшесі Кенен Әзірбаевтың есімі берілді.

Филармония тарихында үздік қызметімен танылған, республикалық байқаулардың лауреаттары атанған, облыс мерейін асқақтатқан мәдениет майталмандары мен ардагерлері – Гүлжахан Өсербаева, Тәкен Молдақынов, Кенжеғали Тәшкенов, Қуаныш Ержанов, Асқар Тұрғынбаев, сондай-ақ «Огонек» және «Тараз» ансамбльдері еңбек етті.

Сонымен қатар, осы өнер ордасынан түлеп ұшқан танымал әншілер – Саят Медеуов, Досымжан Таңатаров, Құрмаш Маханов, Бейбіт Сейдуалиева, Мейрамбек Беспаев, Индира Расылхан еліміздің мәдени мақтанышына айналды.

2002 жылы ЮНЕСКО аясында халықаралық деңгейде аталып өткен Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойы қарсаңында филармонияның меншігіндегі «Баласағұн» орталық концерт залына күрделі жөндеу жүргізіліп, 951 орындық үлкен зал пайдалануға берілді.

Бүгінгі таңда филармония құрамында Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Тараз» триосы, «Жамбыл» триосы, «Кәусар» вокалдық ансамблі, «Ақкербез» би ансамблі, «Тараз» циркі, сондай-ақ жеке әртістер қызмет атқарады. Олар түрлі мәдени жобалар мен мәдени-көпшілік іс-шаралар аясында халыққа үздіксіз өнер көрсетіп келеді.

Филармония ұжымдары гастрольдік сапарлармен Қазақстанның барлық өңірлерінде, сондай-ақ Польша (Варшава), Түркия (Самсун), БАӘ (Әбу-Даби), Үндістан (Дели), Өзбекстан, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Германия, Франция, Италия (Вьесте), Оңтүстік Кореяның бірнеше қаласында өнер көрсетіп, ұлттық өнерімізді әлемге танытып, еліміздің абыройын асқақтатты.

Басшылық құрамы:

Директор – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Түктібаев Сейітқасым Шерімұлы;

Директордың орынбасары – мәдениет саласының үздігі Омаров Жандос Әскербекұлы;

Көркемдік жетекші – Смагулова Аида Қанатқызы;

«Алатау» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, мәдениет саласының үздігі - Көреген Дастан Аманкелдіұлы;

Қазақ халық оркестрінің жетекшісі, дирижер, мәдениет саласының үздігі – Байзілдаев Дулат Боранбайұлы;

«Тараз» циркінің жетекшісі – Альчикенов Айдын Ахылбекұлы.

Бас балетмейстер мәдениет саласының үздігі – Қонарбаева Айжан Санатқызы;

Осы жылдар ішінде филармониядан 21 мәдениет саласының үздігі, 4 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сондай-ақ көптеген мемлекеттік орден-медаль иегерлері шықты.

2026 жылғы дерек бойынша филармонияның штаттық бірлігі – 223 қызметкер, оның ішінде сала мамандары – 150 адам.

2025 жылдың қорытындысы бойынша 316 концерт өткізіліп, 79 571 көрермен қамтылды.

Байланыс ақпараты:

Тел.: 34-29-59;

Мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 89;

Ресми сайт: www.zhofil.kz;

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. ;

Instagram: @filarmoniya_kenen;

https://www.instagram.com/filarmoniya_kenen?igsh=MTJ1cDdubTUzMjVvdA%3D%3D&utm_source=qr;

Facebook:https://www.facebook.com/share/1KQXjkuaQi/?mibextid=wwXIfr;

Ютуб: https://www.youtube.com/channel/UC5feRxYwt-6TMNDNiiO2dIw.