Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Ұжым / Өнер ұжымдары / «Кәусар» вокалдық ансамблі

«Кәусар» вокалдық ансамблі

К.ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИСЫ «КӘУСАР» ВОКАЛДЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕҢБЕК ЖОЛЫ

«Кәусар» вокалдық ансамблі – «сопрано», «альт», «тенор» және «баритон» партиялары негізінде классикалық және заманауи бағыттағы әндерді орындайтын вокалдық топ. Ансамбльдің репертуарында қазақ халық әндері, қазақ классиктерінің шығармалары, сондай-ақ шетел композиторларының камералық хор музыкасы үлгілері бар.

2014 жылдың басында Жамбыл облыстық филармониясы жанынан облыс өнерлі жастарын қолдау, бос уақыттарын тиімді өткізу, музыкалық сауаттарын арттыру және орындаушылық шеберліктерін қалыптастыру мақсатында «Кәусар» вокалдық ансамблі құрылды.

Ансамбльдің кәсіби өсуі мен репертуарын жинақтауда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Вокал және дирижерлік» факультетінің деканы Ғалымжан Берекешевтің елеулі ықпалы болды.

2014 жылғы 2 қыркүйектен бастап ансамбльдің хормейстері П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің түлегі Дидар Игіліков болды.

2019 жылғы 19 наурыздан бастап хормейстері Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі Нуриддин Абдешов болды.

2020 жылғы 2 қарашадан бастап хормейстері Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі Ділтан Мақсат болды.

Концертмейстері – Н.Г.Жиғанов атындағы Казань мемлекеттік консерваториясының түлегі Азиз Кушаков.

Ансамбль Алматы, Талдықорған, Астана, Шымкент, Тараз қалаларында өткен концерттерде өнер көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленді. Жекелеген әртістері музыкалық сайттар мен телевизиялық жобаларға қатысқан.

Қазіргі таңда ансамбльдің репертуарында 50-ден астам достық, бейбітшілік, патриоттық әндер мен халықтық және шетелдік композиторлардың шығармалары бар.

2015 жылы ансамбль өзінің алғашқы бір жылдық есептік концертін өткізді және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

2016 жылғы 24–25 мамырда ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Алтынбек Қоразбаев атындағы ІІ Халықаралық «Ән жырым саған – туған ел!» ән конкурсына қатысып, І орынды жеңіп алды.

2017 жылғы 24 қаңтарда «Медис» караоке залында өткен байқауда ансамбльдің әншісі Ақерке Құрбан І орын иеленді.

2017 жылғы 19 қыркүйекте Жамбыл ауданы Аса ауылында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында «Елім менің» атты концерттік бағдарлама берілді.

Ансамбль Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармония залында өткен халықаралық конкурстардың лауреаты болып танылды. Солистері Дулат Жасұзақов пен Мадина Бердиярова композитор Бейбіт Оралұлының әндерін орындап, «Елім менің» атты Халықаралық ән байқауында лауреат атанды (15.06.2018).

ІІ Халықаралық «Ән жырым саған – туған ел!» ән конкурсының лауреаты ретінде ансамбль «Елім менің» есептік концертін өткізіп, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен марапатталды (2018).

2018 жылғы 20–21 қазан Алматы қаласында өткен «Алматы күзі» атты Халықаралық вокалдық-хор ұжымдары мен жеке әншілер арасында шығармашылық қабілетті арттыру және тәжірибе алмасу мақсатындағы фестивальде ансамбль І орын иеленді.

Әнші Дулат Жасұзақов «Қазақ даусы – 2020» халықаралық ән-күй байқауының жеңімпазы атанып, қазақ музыка мәдениетіндегі барлық орындаушылық мәнерді қамтитын заманауи төлтума дыбысты насихаттап, дәстүр мен эстраданы жалғастыруға үлес қосты.

Ансамбль «Туған өлке», «Бақытты етемін», «Соғады жүрек», «Ғажайып Тараз», «Жастық шақ», «Таразым – Тамаша», «Жамбылым – жаңаша», «Жамбылым қандай тамаша», «Ән падишасы – Шәмші аға», «Елімді сүйемін», «Құтты мекенім», «Махаббат әуендері» атты концерттер мен салтанатты мерекелерде өнер көрсетті.

Әншілер Ә. Абдуалиева, А. Алмереков, А. Орынбасар, Г. Шәріпханова, Д. Музатова, Е. Бақыт, Н. Баймұратов, Д. Маханова, Д. Жасұзақов, Т. Мұмаханов онлайн концерттер беріп, челлендждерге қатысып, қайырымдылық акцияларда, мәдени-көпшілік іс-шараларда өнер көрсетіп жүр.

2022 жылғы 29–30 қазан күндері Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған «Жұбановтар әуені – 2022» халықаралық хор музыкасы фестиваліне қатысып, 19 өнер ұжымы арасынан ІІ орын иеленіп, лауреат атанды және 300 000 теңгенің сертификатын алды. Ансамбльдің солисті Ақтөре Орынбасар «Үздік солист» номинациясын жеңіп, 50 000 теңге сертификатқа ие болды.

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне арналған «Кешкі шоу» концерті «Баласағұн» ОКЗ-да өтті. Концерт студент жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қазақ композиторларының әндерін насихаттау және мерекелік көңіл-күй тарту мақсатында өткізілді.

2026 жылғы 23–28 ақпан аралығында «ӨнерUp» сахна зертханасы жобасы аясында «Кәусар» вокалдық ансамбліне арналған шеберлік сағаттары өтті. Сабақтарды белгілі дирижер, педагог, профессор Ғалымжан Берекешев жүргізді. Жеке және топтық форматтағы сабақтар барысында ансамбльдің вокалдық мүмкіндіктері жан-жақты дамып, көпдауысты орындау мәдениеті, ансамбльдік үйлесім, тыныс алу техникасы, дыбыс қою және сахналық мәдениет бағытында кәсіби жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде ансамбльдің орындаушылық деңгейі айтарлықтай өсіп, шығармашылық әлеуеті жаңа белеске көтерілді.