Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Бірлігі жарасқан Қазақстан» мерекелік концерті өтті

«Бірлігі жарасқан Қазақстан» мерекелік концерті өтті

2025 жылғы 1 мамыр күні Жамбыл облысындағы «Достық» үйінің алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев тұрғындарды мерекемен арнайы құттықтап, ассамблея өкілдерін марапаттады.

Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан халқының бірлігі күнін кең көлемде атап өту арқылы ел ішіндегі түрлі этностардың достығы мен мәдени ынтымақтастығын насихаттау, жастарды татулыққа, өзара құрмет пен отансүйгіштікке тәрбиелеу, сондай-ақ Жамбыл облысының өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының өнерін дәріптеу болды.

Концерттік бағдарлама мазмұнды әрі алуан түрлі болды. Көрермендер қазақ биі «Шаттық», қырғыз биі «Сулуу айымдар», ұйғыр биі «Шох кизләр», сондай-ақ этносаралық татулықты бейнелейтін «Достық» биі мен «Илигай» композициясын тамашалады. Сонымен қатар, «Көктем вальсі», «Клён да рябина», «Өз елім» атты әндер орындалып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сахна төрінде Ассамблея өнерпаздары, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері, «Ақкербез» би ансамблі, «Бозторғай» халықтық үлгілі би ансамблі, «Аллегро» үлгілі скрипкашылар ансамблі, «Жас дәурен» үлгілі балалар би ансамблі және Жамбыл облыстық «Радонеж» орыс этномәдени бірлестігінің «Калинка» вокалдық ансамблі өнер көрсетті.

Бұл концерт Қазақстан халқының ынтымақ пен бірлік жолындағы жарқын бейнесін тағы бір мәрте дәлелдеді.