Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Саз серісі – Әбдімомын» атты мерекелік концертке шақырамыз

«Саз серісі – Әбдімомын» атты мерекелік концертке шақырамыз

ҚҰРМЕТТІ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Сіздерді Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылатын Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылығына арналған «САЗ СЕРІСІ – ӘБДІМОМЫН» атты мерекелік концертке шақырамыз.

Концерт аясында

«Әулиеата әуендері» атты аудиожазбаға енген жаңа туындылардың тұсаукесері өтеді.

Кеште: Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрі мен әншілері өнер көрсетеді.

Бұл күні – Мәңгілік елдің асыл мұратын арқалаған, қазақтың төл қазынасы – домбыраның шанағынан шаттыққа толы күй мен сырлы әуен төгіледі.

Өтетін орны: «Баласағұн» орталық концерт залы.

Мерзімі: 4 шілде, 17:00.

Бізбен бірге болыңыздар – Ұлттық өнерді бірге ұлықтайық!

КІРУ ТЕГІН.