Абай күнімен құттықтау!
Құрметті Қазақ елі!
Сіздерді әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханиятының темірқазығы – Абай күнімен құттықтаймыз!
Абайдың шығармашылық мұрасын бүкіл әлем мойындады. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылды. Ұлы қазақ ақынының мұрасы - әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі, ал оның есімі барлық халықтардың ұлы ақындарымен бір қатарда тұр.
Абай күні – қазақтың ізгілік пен өркениет өріне басқан тағы да бір қайырлы қадамы болып, тамаша дәстүрлердің жалғасы бола берсін.
Ізгі ниетпен, С.Ш.Түктібаев
К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының директоры

10 Тамыз 2024
337
26 Сәуір 2019