«Тараз» циркі
КЕНЕН ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ «ТАРАЗ» ЦИРКІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕҢБЕК ЖОЛЫ
«Тараз» цирк тобы - К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония құрамындағы кәсіби шығармашылық ұжым. Цирк тобы алғашында «Алатау» ән-би жастар ансамблінің құрамында өнер көрсетіп, 2012 жылдың қаңтар айында дербес «Тараз» атауын алып, филармония қарамағына өтті.
Топтың көркемдік жетекшісі – халықаралық конкурстардың лауреаты Айдын Альчикенов.
«Тараз» цирк тобы – Қазақстанда тұңғыш рет «Дала еркелері», «Арқанмен секіру ойыны», «Ақтолқын» (үйретілген көгершіндер), «Икариика ойыны», «Буынсыз дене» секілді күрделі жанрлардағы нөмірлерді сахнаға шығарған шығармашылық ұжым.
Жетістіктері:
2004 ж. – «Шабыт» Халықаралық фестивалінде «Ақтолқын» ІІ орын, «Буынсыз дене» ІІІ орын; жетекшісі – «Үздік жаттықтырушы» дипломымен марапатталды;
2006 ж. – «Буынсыз дене» – Б.Жұмағұлов атындағы арнайы жүлде; «Жонглер» тобы – ІІ орын; «Ақтолқын» – І орын;
2008 ж. – «Буынсыз дене» – І орын («Шабыт»); Қытайдағы халықаралық фестиваль – ІІІ орын (қола медаль);
2010 ж. – Армения, халықаралық фестиваль – «Буынсыз дене» І орын (алтын медаль);
2012 ж. – «Дельфийлік ойындар» – қола медаль; «Жұлдызды сәт» телебайқауының жеңімпазы; «Аймақтар аламаны» жобасының лауреаты;
2015 ж. – Ақтөбе, «Әлия гүлі» VI Халықаралық фестивалі – «Үздік ұжым» номинациясының иегері;
2017 ж. – Астана, «Шабыт» ХХ фестивалі – Т.Альчикенов пен Н.Байтөлеев арнайы диплом және «Жұмағұл Балтабаев» атындағы номинация иегері;
2019 ж. – Талап Таубеков Стамбулда өткен «Сиқыршылар» фестивалінде үздік атанып, Катар (Доха) қаласында 118 мемлекеттің қатысуымен өткен «MAGIC FESTIVAL - 2018» байқауында ІІ орын иеленді;
2025 ж. - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласында өткен ІІ Халықаралық «Сайқымазақтар» фестивалінде ерекше өнер көрсетіп, дипломдармен марапатталды.
Өнер ұжымы телевизиялық бағдарламалар мен танымдық, мәдени көпшілік іс-шараларда өнер көрсетті.
Гастрольдік қызметі: Ұжым Астана, Алматы, Атырау, Шымкент, Түркістан, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Балқаш, Көкшетау және Жамбыл облысының елді-мекендерінде «Таңғажайып әлем», «Қиял әлемі», «Көңілді керуен», «Тараздан таңғажайып тарту!», «Шаттаныңдар, балақайлар!» атты шоу-бағдарламаларымен өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді.

2026 жылғы 29 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «ӨНЕРUP» сахна зертханасы жобасы аясында «Тараз» циркінің кәсіби деңгейін арттыру, сахналық мәдениетін жетілдіру, заманауи режиссуралық, орындаушылық және қойылымдық әдістерді меңгерту мақсатында шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Жобаның қорытынды іс-шарасы ретінде 2026 жылғы 10 ақпан күні сағат 11:00-де Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында мектеп оқушыларына арналған «Әлемге саяхат» атты театралды-цирктік спектакль алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды. Шеберлік сабақтарын «Алматы» циркінің режиссері, Мәдениет саласының үздігі, халықаралық конкурстардың лауреаты Худайбергенова Алия Халитовна жүргізді.
26 Сәуір 2019