Отан қорғаушылар мерекесі аталып өтті
6 мамыр күні «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен басталды.
Мерекелік кеш барысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев жиналған әскери қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар азаматтарды облыс әкімдігінің атынан марапаттады.
Салтанатты жиын аясында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» арналған мерекелік концерттік бағдарламасы көрермен назарына ұсынылды.